Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мас күйінде көлікті тізгіндеген 300-ге жуық жүргізушіні анықтады

Қызылордалық полицейлер жыл басынан бері мас күйінде көлікті тізгіндеген 300-ге жуық жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері мас халде көлік басқарған 291 жүргізушіні ұстады.

Мәселен, 28 шілде күні сағат 02:45 шамасында Қорқыт ата және Жұмабаев ​ көшелерінің қиылысында ВАЗ маркалы автокөлік жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік құралын басқарған. Жүргізушіге бағыт бағдар беріліп, нәтижесінде автокөлік жүргізушісі алкогольді масаң күйде екені анықталды.

26 жастағы жүргізушісі медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша мас күйде екендігі анықталып, оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен ​(Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді)​ әкімшілік хаттама рәсімделді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру