Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда “Парасатты полицей” байқауы өтті

Түркістанда полицейлердің қатысуымен облыстық “Парасатты полицей” байқауы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында тәртіп сақшыларының қатысуымен дәстүрлі облыстық “Парасатты полицей” байқауы өтті. Өңірде карантин режимі енгізілгендіктен, Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен байқауға облысқа қарасты барлығы 16 қала, ауданнан командалар қатысып, онлайн арқылы өздерінің өнерлерін бейнежазбаға түсіріп, жолдады.

Байқауының қорытындысында жүлделі болған командалар ТО ПД-нің бастығы, комиссия мүшесі, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков пен әділ-қазылар алқасының шешімімен бас жүлде алған – Арыс ауданынан келген “Арыс барыстары” командасы үздік деп танылды. Бірінші орынды – Түркістан қалалық басқармасынан қатысқан “Тәртіп” командасы қанжығасына байласа, екінші орынды – Жетісай АПБ-нің “Жетісай қырандары” мен Мақтаарал АПБ-ның “Мақтаарал жалыны” алды. Ал үшінші орын Шардара АПБ-ның “Өнерлі полицейлер” және Сарыағаш АПБ-дан “Сарыағаш сақшылары”, Төлеби АПБ-дан “Төлеби қырандары” командалары иеленді.

Сондай-ақ “Көркемсөз шебері” номинациясы – Созақ АПБ-дан “Айбын”, “Көрермен көзайымы” номинациясы- Бәйдібек АПБ-дан “Бәйдібек жұлдыздары”, “Өнерлі команда” номинациясы – Түлкібас АПБ-дан “Алау” тобы, “Тілі басқа, тілегі бір” номинациясы бойынша Сарыағаш АПБ-дан полицей Видади Наурызов, “Ұйымшыл команда” номинациясы – Келес АПБ-дан “Келес қорғандары”, “Үздік сахналық көрініс” номинациясы – Сайрам АПБ-дан “Сайрам сақшылары” марапатталды. Оған қоса үш команда, яғни Кентау ҚПБ-дан “Ынтымақ”, Ордабасы АПБ-дан “Ордабасы оттары” және Қазығұрт АПБ-дан “Қазығұрт таланттары” – байқауға қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтарымен және алғыс хатпен мадақталды.

Байқау соңында ТО ПД-нің бастығы, комиссияның басты мүшесі Қайрат Дәлбеков командаларды құттықтап, жүлделерді сақшыларға табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру