Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен күдіктілерді анықтады

Мақтааралдық полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғын азамат «102» нөміріне хабарласып түнгі уақытта белгісіз біреулер дүкеніне ұрлыққа түскенін көрсеткен. Ұрылар дүкеннен бес дана ұялы телефон, үш дана құлаққапты жымқырған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығынның көлемі 285 мың теңгені құрайды.

Содан полицейлер ұрлыққа қатысы барларды іздестіру жұмыстарын бастады. Жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізіліп, көрген білгендерден сұрады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні екі азаматты бейнекамераның көмегімен Шымкент қаласынан ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің бірі – Ордабасы ауданының тұрғыны болса, бірі жергілікті тұрғын екені анықталды. Сонымен қатар айғақты зат ретінде құлаққаптың біреуі қайтарылды. Ал, қалған ұялы телефондар мен құлаққаптарды күдікті азаматтар өз қажеттіліктеріне жаратқан. Сондай-ақ екі күдікті де бұрын сотты болып, ҚР ҚК-нің 191-бабымен іс қозғалған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға кеңселер мен дүкендерге, сауда орындары мен жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатып, темір торлармен жабдықтауға кеңес береді. Егер, сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру