Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жолдарға тексеру жүргізілді

Қызылорда облысында ұзындығы 1483 км жолға 28 822 тексеру жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 812 км, республикалық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 204 км, облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 557 км, аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 1770 км, шаруашылық жолдардың ұзындығы – 4364 км. Ұзындығы 1483 км жолдарға жалпы 28 822 зерттеу жүргізілді.

Тексеру шараларының нәтижесінде анықталған ақаулар бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының Жол және техникалық инспекция бөлімімен 1649 ұйғарым мекемелерге беріліп, 209 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жергілікті атқарушы органдарға 279 ұсыныс жолданып, нәтижесінде облыс бойынша 315 жол белгісі орнатылып, 498-і қайта жаңғыртылды.

Сонымен қатар, облыс орталығында төрт бағдаршам орнатылды (Н.Назарбаев даңғылының қиылысы-Б.Баймаханов, Н.Назарбаев даңғылының қиылысы – Мүсілімұлы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылының қиылысы-Қызылорда қаласы Ш. Есенов, Жаңақорған ауданы М. Көкенов – Тәуелсіздік қиылысы), сондай-ақ Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшелерінің қиылысы бойынша көше – жол желісінің екі қиылысында-Ш.Есенов оң жақ бұрылыс арналар ұйымдастырылды.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жағдайды бақылауда ұстайды. Атап айтқанда, жауын-шашын, көктайғақ, ауа температурасының төмендеуі, тұман және т.б. табиғи апаттар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру