Мақтааралдық полицейлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізді
Мақтааралдық полицейлер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал АПБ-ның мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында маңызды жиналыс өтті. Бұл жиынға басшы құрам мен жеке құрам түгел қатысты. Онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2023 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде сыбайлас жемқорлықты дер кезінде анықтауға және жұмыстан шығаруға мүмкіндік беретін адалдықты тексеру аясында сөз қозғалды.
Сонымен қатар, мақтааралдық полицейлер «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ҚММ-нің дінтанушы теолог ғалымдары мен имамдарының қатысуымен рухани тәрбиелік маңызы зор шаралар жиі өткізеді. Пара берушімен күрес, полицияның оң имиджін қалыптастырудың бірден-бір негізі. Осы мәселе аясында тәртіп сақшылары тұрғындарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп, арнайы жедел кеңесте үнемі талқыланып отырады.