Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ҰОС ардагері мен тыл ардагеріне бағалы сыйлықтар табыстады

Түркістандық полицейлер ҰОС ардагері мен тыл ардагеріне бағалы сыйлықтар табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен батырларымыз біз үшін әрдайым заңғар тұлға. Ал аман-есен соғыстан қайтып, ақсақалдық жасқа жетіп, елдің қазынасына айналып отырған қарттарымызға құрмет орасан зор. Сол санаулы қалған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ішінде Қалмен Мұратов та бар.

Бүгінде сегіз баладан 31 немере, 34 шөбере сүйіп отырған ақсақал Ордабасы ауданының тұрғыны. Ордабасы АПБ басшысы Ғалымжан Қуашбаев бастаған жеке құрам батырдың үйіне барып, алғыстарын айтып, данагөй қарияға бағалы сыйлықтарын табыстады.

Полицейлер арнайылап шақырған мектеп оқушылары домбырамен әсем ән шырқап, күмбірлете күй тартып, ақсақалдың көңілін көтерді.

Сонымен қатар, Жеңіс күнінің келуіне ықпал етіп, соғыстан кейінгі жылдары ел тыныштығын күзетіп, адал қызмет атқарып, ішкі істер органында зейнетке шыққан тыл ардагері Төленбек Юсуповқа да дәл осындай құрмет көрсетіліп, сый жасалды.

Көңілдері сергіп, бір жасарып қалған ардагерлер полицейлерге ақыл-кеңестерін айтып, өткен күндерінен аз-кем сыр шертті. Елдің қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларына алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру