Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Марихуана тасымалдаған елорда тұрғыны бас бостандығынан айырылды

Елорданың 46 жастағы тұрғыны марихуана тасымалдағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың қыркүйек айында Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының Аспара – Құмозек аралығында Астана қаласының 46 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Одан жалпы салмағы 7 келі 224 грамм болатын, яғни аса ірі мөлшерде кептірілмеген марихуана есірткі заты тәркіленді. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Жалмағамбет айтты.

Ол есірткі заттарын заңсыз сақтау, аса ірі мөлшерде тасымалдау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін атап өтті.

– Тергеу барысында қаскүнемнің Астана қаласынан Шу қаласына арнайы келгені, Шу ауданының даласынан есірткі затын жинағаны және өзімен бірге елордаға алып кетпекші болғаны анықталды. Шу аудандық сотының шешімімен құқық бұзушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Ерлан Жалмағамбет.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері 381 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 30 өткізу фактісі, 23 аса ірі көлемде сақтау фактісі. Заңсыз айналымнан 426 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру