Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас халде көлік басқарған жүргізушілерді заңға сәйкес жауапқа тартты

2020 жылдан бастап ҚР Президентінің тапсырмасына  сәйкес бірқатар Заңнамаларға (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-процесуалдық кодекс) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.   

Осы өзгерістерді атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігінде көлік жүргізуші мас халде автокөлік басқарған жағдайда оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамаққа алу шарасы көзделді. Бұл заңнама 2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап күшіне енді.

ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері белгіленген күннен бері 5 күн ішінде қарқынды жұмыс атқарып, жоғарыда көрсетілген құқық бұзушылық фактілері бойынша 4 құқықбұзушылық анықталып, іс сотқа жолданған. Оған қоса, қала тұрғындарына ескерте кетер жайт: 2019 жылы қазан айының 15-сі күнінен бастап, Түркістан қаласы мен облыс аумағында әкімшілік құқықбұзушылықты анықтайтын стационарлы және жылжымалы фото, бейнежүйе құралдары жұмыс жасап тұр. Олардың жалпы саны 9. Нақтырақ айтсақ, 4 бейне камералар стационарлы «Трафиксканер», 4 жылжымалы камералар, 3 «КРИС-П» және 1 «Арена» құралдары. Сондай-ақ 1 интеллектуалды қиылысты бақылайтын бейне бақылау камералары қолданыста.

Жоғарыда көрсетілген құралдар қосылғалы бері 37 260 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 401 миллионнан астам теңге айыппұл салынып, оның 40%-дан астамы өндірілген.  Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы осылайша, біршама дүниелер жаңарып, жұмыстар жандануда. Құрылыс қарқынды жүргізілуде. Қажетті заманауи қондырғылар жоспарға сай орнатылуда. Жаңа жыл басталысымен  15 күн ішінде тағы қосымша 4 «Трафиксканер» стационарлы бейне-фотокамералары қойылды. Олар: Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов көшесіне және  Қызылорда тас жолы бойында, Шымкент-Ташкент-Термез тас жолының Қазығұрт ауданы, Қызыл ту елдімекенінде және Келес ауданында орналастырылып, 17-қаңтардан бастап іске қосылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру