Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас халдегі бұзақы ұсталды

Түркістан облысының полицейлері мас халдегі бұзақыны «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды.

Арызданушы әйелдің айтуынша, түнгі сағат 1-лер шамасында белгісіз адамдар оның кәмелет жасына толмаған баласын ұрып-соғып, «Ваз-21099» маркалы көлігінің терезелері мен жарық шамдарын сындырып кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 200 мың теңгеге жуық.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Күдіктіні ұстауға аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел уәкілдер жәбірленушінің таныстарынан жауап алып, аулаларды аралап, бейнебақылау камераларын тексеріп, басқа да іздестіру шараларын жүргізді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Созақ ауданының полицейлері күдіктіні «ізін суытпай», небары екі сағат ішінде ұстады. Тексеру барысында бұзақының мас халде болғанын және оның жергілікті тұрғын екендігін анықтады.

Ұсталған азамат өзінің барлық бұзақылық әрекетін толығымен мойындады. Бас шарасы «ешқайда кетпеу туралы міндеттемеде». Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға барынша сақ болуды ескертеді. Егер де осындай бұзақылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру