Мас күйде бөтеннің көлігін айдап кеткен атыраулық ұсталды
Мас күйде бөтеннің көлігін айдап кеткен атыраулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қыркүйек күні сағат 03:30 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан «Магнит» сауда орталығының тұсында патрульдік полиция кызметкерлері күдік тудырған Daewoo Nexia маркалы көлік кұралын тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде жүргізушісінің орта дәрежелі мас екендігін анықтаған. Сондай-ақ Daewoo Nexia көлігін бір сағат бұрын Вокзал маңы мөлтек ауданынан ұрлап жүргізіп кеткендігі белгілі болды.
Жинақталған іс-құжаттар анықтау жүргізу үшін №2 қалалық полиция бөлімінің Тергеу бөлімшесіне тапсырылды.