Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде бөтеннің көлігін айдап кеткен атыраулық ұсталды

Мас күйде бөтеннің көлігін айдап кеткен атыраулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қыркүйек күні сағат 03:30 шамасында Сұлтан Бейбарыс даңғылында орналасқан “Магнит” сауда орталығының тұсында патрульдік полиция кызметкерлері күдік тудырған Daewoo Nexia маркалы көлік кұралын тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде жүргізушісінің орта дәрежелі мас екендігін анықтаған. Сондай-ақ Daewoo Nexia көлігін бір сағат бұрын Вокзал маңы мөлтек ауданынан ұрлап жүргізіп кеткендігі белгілі болды.

Жинақталған іс-құжаттар анықтау жүргізу үшін №2 қалалық полиция бөлімінің Тергеу бөлімшесіне тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру