Мас күйде көлік басқарған ақмолалық қамауға алынды
Мас күйде көлік басқарған ақмолалық қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Тәртіп бұзушылықты Ерейментау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Ауыл жолдарының бірінде патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын басқарған Volkswagen Golf автокөлігін тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде ер адам мас күйінде көлік жүргізгені анықталды, сонымен қатар көлік құралы техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді. Полицейлер көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сот шешіміне сәйкес, ер адам көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылады, бұдан басқа алдағы 15 тәулікті уақытша ұстау изоляторының камерасында өткізеді.