Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда құжаттары жоқ шетелдік азамат көлік жүргізген

Маңғыстауда құжаттары жоқ шетелдік азамат көлік жүргізген, – деп хабарлайды Polisia.kz

24 тамызда Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері “Мигрант-2022” жедел алдын алу іс-шарасы барысында FAW CA1024V автокөлігін тоқтатты.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші мен оның жолаушысы шет мемлекеттің азаматтары екендігі анықталды. Өзімен бірге оның ешқандай құжаттары болған жоқ.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шетелдіктердің елімізде болуының заңдылығын анықтау үшін олар учаскелік полиция инспекторларына тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру