Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде көлік жүргізген ақтөбелік анықталды

Ақтөбеде алкогольдік масаң күйде көлікті басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 тамыз сағат 21.50 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Қарғалы ауылы Сәтпаев көшесінде орналасқан Техникалық қызмет көрсету станциясына қарама-қарсы жерде “ВАЗ-2110” маркілі автокөлікті (росс.есеп) басқару құқығынан бұрын айырылған 44 жастағы жүргізушінің көлік құралын “орташа” дәрежедегі мас күйінде басқарғаны анықталды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Автокөлік жүргізушісі № 4 ҚПБ уақытша ұстау камерасына қамалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Жыл басынан бері автокөлікті мас күйінде басқарған жүргізушілермен тоғыз жол- көлік оқиғасы жасалып, салдарынан екі адам қаза тапты және тоғыз адам зардап шекті.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан алкогольдік және есірткілік масаң күйде көлік құралдарын жүргізбеуді сұрайды және ескертеді. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру