Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жолдағы қабылдау» акциясы өзінің тиімділігін көрсетті: бір күнде 7 армян автокөлігіне сары мемлекеттік нөмір берілді

Армения Республикасынан келген автокөлікті уақытша тіркеу рәсімін басталғалы 257 автокөлік Алматы облысында ресми тіркеуден өтті және бұдан былай еліміздің жолдарында қедергісіз жүру құқығына ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Осы мәселенің өзектілігі аясында 26-27 тамызда біз барлық тиісті санитарлық-карантиндік нормаларды сақтай отырып, «Жолдағы қабылдау» кезекті акциясын өткізудеміз. Бұл акция Министрліктің бастамасымен ай сайын өтетінін атап өту қажет. Акция аясында тікелей байланыс жасалып, халықтың түрлі проблемалық мәселелері шешімін табуда. Көбінесе, жол белгілерін, бағдаршамдарды орнатуға, жол қозғалысы ережелеріне, айыппұлдарға қатысты жол-патрульдік қызметі бойынша сұрақтар көп түседі. Сонымен қатар, көші-қон полициясы мен лицензиялық-рұқсат беру қызметінің жұмысы бойынша сұрақтар қойылады, – деді Әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Дәулет Молдаханов.

Полицейлер бүгін республикалық акция барысында Армениялық көлігі бар 19 адам темір тұлпарларын уақытша қазақстандық есепке қоюға өтініш бергенін, ал олардың жетеуі осы рәсімді аяқтап, арнайы сары нөмір алғанын атап өтті.

– Барлық белсенді азаматтарды жолдар мен аулалардағы мамандандырылған қоғамдық қабылдауларға шақырамыз. Ол жерде олар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кәсіби мамандардан білікті көмек ала алады. Қоғамдық қабылдаулардың мекенжайларын азаматтар Алматы облысы Полиция департаментінің ресми аккаунттарынан көре алады, – деп атап өтті Дәулет Молдаханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру