Мас күйде рульге отырған шетелдік 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды
Атырауда мас күйде рульге отырған шетелдік 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 ақпан күні патрульдік полиция қызметкерлерімен сағат 05:50 шамасында Атырау қаласы Азаттық көшесі 5 үй тұсында ВАЗ-2115 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында жүргізушісі 44 жастағы Грузия елінің азаматынан алкогольдік ішімдіктің иісі байқалған. Медициналық сараптаманың қорытындысымен оның «жеңіл дәрежелі» масаң күйде екендігі анықталды.
Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.