Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері 2 тұрғынның үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ тәркіледі

Түркістан полицейлері 2 тұрғынның үйінен заңсыз сақталған қару-жарақ тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Созақ ауданының екі бірдей тұрғынын ұстады.

Яғни, облыс полицейлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірге жедел шараларды жиі жүргізеді. Бұл жолы тиянақты жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, қару мен оқ-дәрілерді сақтаған екі ер адам ұсталды.

Ұсталғандар Созақ ауданының тұрғындары болып шықты. Түркістан тәртіп сақшылары ер азаматтардың бірінің үйін тінту кезінде тіркелмеген АК-47 автомат, сегіз дана оқ-дәрі, екі тир мылтығы, 16 калибрлі екі ұңғылы аңшы мылтығы, бір электро ток таратқыш құрылғы, екі 16 калибрлі атылған оқ гилзасы тәркіленді.

Ал екінші күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде қосымша тағы да оқ-дәрі айғақты зат ретінде алынды.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктінің қандай мақсатта қару ұстағанын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру