Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері заңсыз мал тасымалдаған тұрғынды анықтады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз мал тасымалдаған жергілікті тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығының алдын алу, болдырмау мақсатында облыс көлемінде рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Осындай кезекті тексерістердің бірінде Отырар АПБ полицейлері заңсыз мал тасымалдаған тұрғынды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, отырарлық тәртіп сақшылары ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарын тексеру кезінде Damas көлігін тоқтатты. Жүргізушінің ветеринариялық ілеспе құжатсыз, куәліксіз, бес бас қойды заңсыз тасымалдап бара жатқанын анықтады.

Белгілі болғандай, жүргізуші малдарды Кентау қаласынан алып шығып, Отырар ауданындағы базарға әкеле жатқан. Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, құжаттар жинақталып, әкімшілік шара көрілу үшін тиісті орынға жолданды.

Ескерте кетсек, аталмыш рейдтік-профилактикалық іс-шара кезінде полицейлер аудан төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үй-жайларды аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап, құжаттарына тексеріс жұмыстарын жүргізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру