Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта ер адам жасөспірімнің телефонын тартып алған

Сарыағашта ер адам жасөспірімнің телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-на жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда ол кәмелет жасына толмаған ұлын аудан аумағында орналасқан дүкенге жіберген. Сол мезетте танысы оның баласына “әкең қарыз ақшаны қашан береді” деп өзінше билік етіп, қолындағы Samsung ұялы телефонын тартып алған. Жәбірленуші әйелге келтірілген жалпы шығын көлемі – 100 мың теңгеге жуық.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Сарыағаш АПБ-ның полицейлері ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада барды. Істің ақ-қарасын ажыратып, тұрғынның ұялы телефонын өзіне қайтарып берді. Осылайша, жергілікті тұрғын өзінің ұялы телефонын қайтарып берген полиция қызметкерлеріне алғысын айтты.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру