Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балконнан қоқыс лақтырған павлодарлық әйел айыппұл арқалады

Балконнан қоқыс лақтырған павлодарлық әйел айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоқыс – бүгінде әлі де шешілмеген мәселе, өйткені адамдар өздері бұған кінәлі: олар қоқыстарды қоқыс жәшіктеріне тастамайды, қоқысы бар дорбаларды көше жәшіктерінің қасына және басқа адамдардың кіреберістеріне тыныш қойып кетеді немесе үйлер арасындағы оқшауланған өткелдерде қалдырады.

– Көбісі көлік аялдамалары мен жол жиектерінде, ойын алаңдары мен аулаларда бөтелкелер, қалайы банкалар мен жыртылған тамақ қаптамаларын қалдырады. Өз пәтерлерінің терезелері мен балкондарынан қоқыс тастайтын азаматтар да бар, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мысалы, жақында полицейлер Катаев көшесіндегі үйдің балконынан тұрмыстық қоқыс тастаған павлодарлық әйелге айыппұл салды. Тәртіп бұзушы қыздың үстінен көршісі полицияға шағымданған. Қыз қарт көршісінің сөзіне құлақ аспағандықтан, оған полицияға жүгінуге тура келді.

Шақыруға келген тәртіп сақшыларына қыз өз әрекетін аязда сыртқа шыққысы келмейтіндігімен түсіндірді. Тәртіп бұзушыға ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін ҚР ӘҚБК 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тек осы жылдың басынан бері абаттандыру ережелерін бұзған 861 павлодарлық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру