Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде мотоцикл мінген павлодарлықтың көлігі айыптұраққа қойылды

Мас күйінде мотоцикл мінген павлодарлықтың көлігі айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 25 мамырда Успен ауданының полиция қызметкерлері мотоциклді тоқтатты, оның жүргізушісі қатты мас екені анықталды. Ер адам достарымен ішкенін айтты, содан кейін үйге баруды шешті. Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды, – деп атап өтті Успен ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әсет Садықов.

Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аудан аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетінін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру