Мас күйінде төбелескен тараздықтар камераға түсіп қалды
Мас күйінде төбелескен тараздықтар камераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде бейне бақылау барысында Тараз қаласы Полиция басқармасының «102» Жедел басқару орталығының жедел кезекшісі таңғы сағат 07:00 шамасында екі ер адамның арасындағы төбелесті байқайды.
Ұрыс-керіс кезінде жанжалға қатысушылардың бірі екіншісіне дене жарақатын салып, оқиға орнынан жасырынуға тырысты.
Қақтығыс болған жерге дереу келген патрульдер барлық қатысушыларын ұстады. Белгілі болғандай, ер адамдар мас болған. Тараз қаласының 27 жастағы тұрғыны «ізін суытпай» ұсталды.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Тергеу амалдары жүргізілуде.