Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада тұрғын баласына 13 жылдан бері алимент төлемеген 

Ақмолада тұрғын баласына 13 жылдан бері алимент төлемеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде полицияға Көкшетау қаласының 45 жастағы тұрғыны арыз берген. Әйел өзінің бұрынғы күйеуі 2008 жылдан бері балаларды асырауға қаражат төлемейтінін айтты. Өтініш берген сәтте алимент бойынша берешек 2 259 656 теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары Красный Яр ауылында алимент төлемеушінің нақты тұратын мекен-жайын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 139-бабының 1-бөлімімен (Балаларды күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) көзделген сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Ер адамға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды: “келу міндеттемесі”.

Ақмола полицейлері алимент төлемейтіндерді іздестіру жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі күні Ақмола облысы бойынша іздестіру жарияланған алимент төлемеушілердің тізімінде 23 адам бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру