Мас жүргізуші жауапқа тартылды
Ақтөбе облысы жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін жауапқа тартылып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 маусым күні сағат 17:30-да патрульдік полиция жасағы Кірпіш зауытына қарама-қарсы 23 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ-2109» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізуші полиция қызметкерлеріне қара-жасыл түсті, ерекше иісі бар қағаз орамасын өз еркімен берді. Сараптаманы өткізгеннен кейін, жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылған бола тұра, каннабиодтарды қолданып, есірткілік мас күйінде басқарған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлімі «Алкогольден мас күйінде көлік құралынжүргізу құқығынан айырылған адамның көлікқұралын басқаруы» және ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлімі «Есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсызсақтау« бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Кезекті дерек, 13 маусымда көлікті масаң күйде басқарған жүргізуші ұсталды. 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы бойынша патрульдік полиция қызметкерлері «Кривое озеро» жағажайының жанында көлік құралын мас күйінде басқарған 31 жасар жүргізушінің басқаруындағы «Ваз-2109» маркалы автокөлігін тоқтатты.
Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлімі «Мас күйінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы« бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.