Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жеделдік” – өртті сәтті сөндірудің ұраны

Қостанай облысында жеке тұрғын үй жанып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 маусым күні 14 сағат 25 минутта Жітіқара қ. 12 ӨСБ бөлімнің байланыс пунктіне Чернаткин к-сі, 46 бойынша орналасқан жеке тұрғын үй жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

14 сағат 25 минутта Жітіқара қ. 12 өрт сөндіру бөлімінің екі бірлік техникасы шақырту орнына шықты. 14 сағат 31 минутта шақырту орнына келген бойда, барлау барысында аталмыш мекен-жай бойынша жеке тұрғын үйдегі шошаланың ағаштан жасалған қаптамасы жанды. Өрттің аумағы 0,5 шаршы метр. От өрт сөндіру бөлімшесінің келгенге дейін “КМ ЖолСтрой” жұмысшылырамын сөндірілді. Өрттің болжамды себетіөтті абайсыз пайдалану.

Бұл күні “КМ Жол Строй” жұмысшылары Ернар Толыбаев және Темірлан Комутов Чернаткин к-сі бойынша жолдың асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатты. Жақын орналасқан үйде жылап, көмекке шақырып жатқан Комутов Темірлан не болып жатқанын білуге асықты.

Жалғыз басты әже тұратын үйде ашық алаумен шошаланың ағаштан жасалған жабындысы жанып жатты. Тұрғын үй жайларға от тарау қаупі төнді.

Жағдайды бағалап, Ернар мен Темірлан қалқанды ашып су құю техникасымен жанып жатқан үйдің аумағына кірді. Су қысымымен көлік шлангасы арқылы, бірер минутта өрт сөндірілді. Қайғыға жол берілмеді.

18 маусым күні Жітіқара қ. 12 ӨСБ мәжіліс залында Жітіқара ауданының ТЖБ бастығы А. Теміров “КМ Жол Строй” жұмысшылары Ернар Толыбаев мен Темірлан Комутовқа тұрғын үй секторындағы өртті сөндіру кезінде сауатты және уақытылы әрекеттері үшін грамота табыстады.

Құрметті Жітіқара ауданының тұрғындары, Жітіқара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі сіздерден тұрмыста өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауды өтінеді!

Өрт болған жағдайда “101” немесе “112” телефоны бойынша қоңырау шалыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру