Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын біреудің көлігін заңсыз иемденіп кетті

Түркістан облысы полицейлері көлікті заңсыз айдап кеткен тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша, тұрғынүйінің алдында көше бойында тұрған “ВАЗ 2106″ маркалы көлігін белгісіз біреу жымқыру мақсатынсыз құқықсыз иеленіп, заңсыз басқарып, айдап кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 600 000 теңгені құрады.

Аталған жайт СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Арызданушының көлігін табу мақсатында аудандық полицейлер қажетті шараларды іске асырдыЖақын аймақтарды аралап, көргенбілгендерден сұрастырылды. Соның нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті анықталып ұсталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай күдікті көшеде адам жоқтығын пайдаланып, қақпа алдында тұрған көліктің есігін сыммен ашып, байқатпай айдап кеткен. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің автокөлігін күдіктінің үйінен тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алып, заңды иесіне қайтарды. Күдіктінің бас шарасы ешқайда кетпеу туралы міндеттемемен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тұрғын көлігін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру