Мас жүргізушілер саны азаймай тұр
Қарағандылық полицейлер бұрын масаң күйінде көлікті басқару құқығынан айырылған жүргізушіні тағы да мас күйінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қыркүйекте «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полициясы полкі қызметкерлерінің жасағы жақын жарық беру фаралары жанып тұрған көлікке назар аударды. Полицейлер автомашинаны тоқтатты, жүргізушісі 25 жастағы қала тұрғыны, жүргізуші куәлігі жоқ, себебі екі жыл бұрын масаң күйінде көлікті басқарғаны үшін құқығынан айырылған болатын. Жанында тұрған полицейлерге құқық бұзушыдан қатты алкогольдік иіс келіп тұрды.
Куәландыру жігітте алкогольдік масаңдығының «орташа» дәрежесін көрсетті. Көрсетілген факті бойынша Қазақстан Республикасының ҚК 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.
Қарағанды облысында соңғы үш күнде алкогольдік масаң күйінде автокөліктік құралды басқарғаны үшін 19 жүргізуші ұсталды, сонымен бірге жол жүру ережесін бұзған 3413 жүргізуші анықталды.
Жыл басынан Қарағанды облысының жолдарында 286 жол-көлік оқиғалары болды, 80 адам қайтыс болып, әртүрлі ауырлықта 355 адам жарақат алды.
Өткен жылдың ұқсас мерзімінде 337 оқиға тіркелді, онда 87 адам қайтыс болып, 409 жарақаттанды.
Полицейлер жүргізушілерге ЖКО кезінде ауыр жарақаттың негізгі себебі жылдамдықты арттыру болып табылатынын еске салады. Қала тұрғындары және қонақтары жол жүрісі ережелерін сақтау керек, жолдың жиегінде мұқият болып, заң талаптарына бағынып, жылдамдықты асырмау керек.