Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ғимаратқа ұрлыққа түскен тұрғын кінәсін мойындады

Қарағанды облысында бір ғимараттан ұры өрт қалқанын және екі бейнебақылау камерасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйекте Қарағанды облысының Ұлытау ауданы полиция бөліміне белгісіз біреу ғимараттардың бірінен өрт қалқанын және екі бейнебақылау камераларын ұрлап кеткені жөнінде хабарлама түсті. Шығын 155 мың теңгені құрады.

Ізін суытпай полиция қызметкерлері Қарағанды облысының Сәтбаев қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады, ол кінәсін мойындады. Бірақ өрт қалқаны және арнайы жабдықтың не үшін қажет болғанын түсіндіре алмады.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру