Мас жүргізушілер саны азаяр емес
Ақтөбе облысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізушілердің көлікті мас күйінде басқаруы фактілері орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 шілде күні Мәртөк ауылының жанармай бекеті жанында 1986 жылы туған ақтөбелік «Мазда» маркалы автокөлік тоқтатылды. Ер адам бұрын басқару құқығынан айырылған кезде жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
4 шілде күні Бестамақ кентінде полиция қызметкерлері 1987 жылы туған жергілікті тұрғын басқарған «Ваз 2121» маркалы автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші құқығынан айырылған ер адам көлікті жеңіл дәрежеде мас күйінде басқарған. Ұсталған адам уақытша қамау изоляторына қамауға алынып, автокөлік аудандық полиция бөлімінің тұрағына қойылған.
5 шілде күні Ақтөбеде Есет батыр көшесінде полиция қызметкерлері бұрын құқығынан айырылған мас жүргізуші басқарған тағы бір автокөлікті тоқтатты. 1992 жылы туған жүргізуші Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, автокөлік арнайы тұрақтарға қойылған.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде тарнспорттық құралдарды басқармауды сұрайды және ескертеді, өйткені сіздің ойланбаған іс-әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.