Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде заңсыз сақталған 35 қару полицияға тапсырылды

Тәртіп сақшыларының хабарлауынан кейін облыс тұрғындары акция барысында полицияға тіркелмеген 35 қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар: 33 тегіс ұңғылы қару, бір ойық қару және бір травматикалық қару.

Мысалы, Байғанин ауданының тұрғыны тәртіп сақшыларына екі тегіс ұңғылы қаруды өткізіліп жатырған акция бойынша өз еркімен тапсырды. Ауыл тұрғыны әлеуметтік желілерде қару сатып алу бойынша акция туралы біліп, аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қоңырау шалады. Ол өзінің заңсыз сақталған екі қаруын тапсырғысы келетінін айтқан. Полиция  қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін, бірден мекен-жай бойынша барды.

Енді полиция қызметкерлері бұл үлгілердің “қылмыстық өткенніңбар-жоғын тексереді. Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.

Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер Ақтөбе қаласы ПБ-ның 729-853 “қауырт желі” телефондарына немесе “102” номеріне хабарласса жеткілікті,  деді Әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Ерлан Алимагамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру