Мас жүргізушілер жауапқа тартылды
Түркістан облысының полицейлері «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы барысында 118 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ ЖПҚБ-мен яғни ағымдағы жылдың қазан айының 1 мен 23-і күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның мақсаты – жол қауіпсіздігін сақтап, түрлі апаттардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту, қоғамдық көлік жүргізушілері арасындағы заң бұзушылықтарды анықтау.
«Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер 118 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде «мас халде автокөлікті басқару бойынша» жеті хаттама, үш хаттама «терезелерін күңгірттеген» бойынша, «қауіпсіздік белдігін тақпағаны» үшін 82 хаттама толтырылды. Сонымен қатар 25 хаттама «Ресей автокөлігін басқаруға тиісті құжаттары болмағанына», автобусты мас халде басқарғанына байланысты бір хаттама толтырылды.
Ордабасы АПБ полиция қызметкерлері атап өткендей, қоғамдық көлік жүргізушілерінің ҚР ЖҚЕ сақтауын қамтамасыз ету бойынша осындай жеделдетілген іс-шараларды үздіксіз жүргізіп келеді. Аталмыш шаралар жол-көлік оқиғаларын төмендетуге және облыс жолдарында апаттылықтың алдын алуға ықпал етеді, сондай-ақ жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.