Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батырдың ерлігі ұмытылмайды

Жамбыл облысының ПД қызметкерлері қауіпті қылмыскерді залалсыздандыру кезінде жараланған әріптестеріне құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазан – қауіпті қылмыскермен атыс кезінде оқ тиіп жараланған полиция сержанты Бекжан Тіленшиевтің туған күні, ол 2016 жылдың 19 маусымында қауіпті қылмыскерді залалсыздандыру кезінде жарақат алған.

Бұл күні Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бақыт Ратаев пен Тараз қаласының ПБ бастығы Асылхан Зәуірбеков Бекжанды туған күнімен құттықтау үшін оның отбасында болып қайтты.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бекжанның қызметтік автокөлігімен келіп, қаланың көрнекі жерлерін аралатты.

Бекжан әріптестерінің көрсеткен құрметіне риза болып, сап түзеген полицейлер қатарына қайта оралу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынына уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыскерді ұстап, залалсыздандыру кезінде көрсеткен ерлігі үшін полиция сержанты Бекжан Тіленшиев 2016 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен “Ерлігі үшін” медалімен марапатталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру