Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 6 қару, гранаталар мен 200-ден астам патрон тапты

Жамбылдық полицейлер 6 қару, гранаталар және 200-ден астам патрон тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қарудың орналасқан жерін анықтау бойынша күн сайын іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері облыс орталығының аумағында алты қару, үш граната, бес оқ жатар, резеңке таяқ және 216 патронды анықтады.

Қару-жарақтың ішінде граната атқыш, шолақ және тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, МР-355 тапаншасы, соғыс, газ және жарық-шу гранаталары, тапаншаның 5 оқ жатары және әртүрлі калибрлі 216 патрон болды. Табылған қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру