Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

4 ай бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған қызылордалық мас күйде қайта рөлге отырған

4 ай бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған қызылордалық мас күйде қайта рөлге отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының тұрғыны өткен жылдың 13 желтоқсанында жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сөйте тұра, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл көлік тоқтатылды. Құжаттарын тексеру барысында жүргізуші бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны және жүргізушінің тағы да мас күйінде көлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, көлік айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру