Мас жүргізушілер жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Қарағанды облысында мас күйінде көлік жүргізген екі жүргізуші әкімшілік қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында "Рейслер" маркалы мотоциклдің 24 жастағы жүргізушісі мотоциклмен жолдың шетіне шығып кеткен. Дәл осындай құқық бұзушылыққа "Москвич-2140" маркалы автокөліктің 34 жастағы жүргізушісі де жол берген.
Медициналық куәландыру барысында жол-көлік қозғалысын бұзушылардың екеуінің де ауыр дәрежеде мас күйінде болғаны анықталды.
Аталған фактілер бойынша екі көлік жүргізушісі де ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.