Мәселені шешуге көмектесеміз деп уәде берген заңгер алматылықтарды алдап кетті
Мәселені шешуге көмектесеміз деп уәде берген заңгер алматылықтарды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«LEGAL FORCE» ЖШС директоры заң саласындағы түрлі мәселелерді шешуге уәде беріп, адамдарды алдаған.
– Анықталғандай, 39 жастағы Б.есімді азамат көптен бері аңғал азаматтарға түрлі мәселелерді шешуде құқықтық қолдау көрсету бойынша өз қызметтерін ұсынып келеді. Одан әрі сенімге кіріп, клиенттермен ойдан шығарылған келісім-шарттар жасады. Алайда қаражатты алғаннан кейін жасырынып жүрген. Қазіргі таңда полицияға 5 адам арызданды, – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті құрықталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша тергелуде.
– Күдікті Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу біздің бөлімшенің тергеу бөлімінің қызметкерлеріне жүктелді. Аталған адамның заңсыз әрекетінен зардап шеккендерге мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды ұсынамыз: 8-727-254-48-02; 8-727-254-48-10; 8-702-476-66-60, – деді Дәурен Өтебаев.