Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізушілер қамауға алынды

Түркістан облысының полицейлері жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, мас халде көлік басқарған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері қызметтік міндетін атқару кезінде жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, көлік басқарған екі бірдей жүргізушіні анықтады. Полицейлер түнгі сағат 01:50 шамасында Газ-3102 және Ваз-210740 автокөліктерін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатты. Тексеру кезінде полицей жүргізушілердің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшысы аталған жайттарды нақтылау үшін медициналық сараптама тағайындады.

Куәландыру қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушілерінің масаң халі белгілі болды. Сондай-ақ көлік иесінің басқару құқығының мүлде жоқтығы анықталды.

Көлік жүргізу куәлігінің жоқтығына қарамастан мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар Ордабасы аудандық сотына жолданды.

Бүгінгі таңда сот жүргізушілерге қатысты 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы үкім шығарды.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру