Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас көкшетаулық әйел дәмхананың қызметкерін балағаттап, қол көтерген

Мас көкшетаулық әйел дәмхананың қызметкерін балағаттап, қол көтерген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қарашада сағат 00.26-да Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығындағы дәмханалардың бірінің қызметкерінен бұзақылық туралы арыз түсті.

Анықталғандай, мекемеге келген 50 жастағы әйел мас күйінде дәмхана қызметкерімен сөзге келіп қалған. Әйел жәбірленушіге дене жарақатын салған, сол себепті дәмхана қызметкерлері полиция нарядын шақырды. Оқиға орнына келген учаскелік инспектор әйелді полиция пунктіне жеткізді.

Аталған факті ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру