Мекеме қызметкеріне күш қолданған сотталған 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Мекеме қызметкеріне күш қолданған сотталған 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЕЦ-166/1 мекемесіне жазасын өтеуге келген сотталған Р.-ға құқықтары мен міндеттері, мекеменің күзетпен ұстау режимі, тәртіптік талаптар, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелерін сақтау туралы ақпарат ұсынылды, оның салдары туралы ескертілді. Мекеме қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған жағдайда, сондай-ақ мекеме қызметкерлеріне қатысты күш қолдану үшін жауапқа тартылатыны туралы айтылды.
Алайда сотталған Р. жүргізген профилактикалық жұмысқа қарамастан, тергеу изоляторының ішкі тәртіп қағидаларын бұзды.
Мәселен, ЕЦ-166/1 мекемесінің қызметкерлері таңғы тексеру жүргізген кезде, сотталған Р. камерадан шығып кетіп, дәліз бойымен айғайлап жүгіре бастаған. Мекеме қызметкерлері оған заңсыз әрекеттерін тоқтатуды және камераға оралуды талап етті, бірақ ол ұстау режимін бұзуды қасақана жалғастырып, мекеме қызметкерлеріне қарсылық білдіріп, қызметкерді жұдырықпен ұрып жіберген.
Аталған факті бойынша сотталғанды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жадығат жиналып, сотқа жолданды. Жіберілген жадығат бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотының үкімімен сотталған ҚР ҚК 429-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазаны өтеу қауіпсіздігі орташа мекемеге тағайындалды.