Мекемеден ақша ұрланды
Қарағандылық жедел уәкілдер мекемеден 277 мың теңге шығын келтірген ұрыларды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінен дәнекерлеу аппараты, құрылыс құралдары және болгарка ұрланды деген хабарлама түскен.
Серіктестікке келтірілген шығын көлемі 277 мың теңгені құраған.
Оқиға орынына тексеріс жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері ұрланған заттарды көлікпен әкеткен деген шешімге келген. Сөйтіп, тәртіп сақшылары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағына күн ұзаққа кірген көліктердің тізімін алып, барлығына тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат анықталып, ұсталды. Күдіктіден айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.