Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер көп балалы анаға қолдау көрсетті

Түркістан облысы Полиция департаменті Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Қазата ауылының тұрғыны төрт жасөспірім баласы бар анаға қолдау көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар көп балалы анаға көмектесу мақсатында қажетті азық-түліктерді табыстады.

Қайырымдылық әрекеті – ол ең ізгі қасиеттердің бірі. Себебі, қайырымдылық жұмыстарын жасау кез-келген пенденің қолынан келе бермейді. Ол үшін адам бойында адамгершілік, жанашырлық, жомарттық сынды алтын мінездемелер болуы шарт.

Ал Түркістан облысының полицейлері өздерінің қамқорлық шараларын жасау арқылы, бойларынан адамгершілік қасиеттердің үнемі табылатынын дәлелдеуде. Олар қиын да қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, әрдайым көпбалалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау мен демеушілік жасап тұрады.

Өз кезегінде көпбалалы ана полицейлердің іс-әрекетіне разы болып, қызметтеріне табыс тіледі.

– Жалғызбасты анаға демеу болып, азық-түлік әкелгендеріңе алғысым зор. Қашанда жасаған жақсылықтарың Алладан қайтсын. Полицейлердің халыққа қамқор екендігін көріп, қуандым!, – дейді көпбалалы ана.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндетіміз болса да, жұртшылыққа жанашыр болу біздің күн тәртібімімізден түскен емес. Қажет болса, азық-түліктей, киімдей, қаржылай көмек береміз. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру