Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекемеге тиесілі газ құбырларын ұрлаған түркістандық қолға түсті

Түркістанда газ құбырларын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында белгілі бір мекемеге тиесілі ұзындығы 240 метр болатын газ құбырларын белгісіз біреулер ұрлап кеткендігін көрсетеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 400 мың теңге.

Оқиға орнына дереу жеткен аудандық тәртіп сақшылары мекемеге орнатылған бейнекамера арқылы күдіктінің түр-тұлғасын анықтайды. Полицейлерден шұғыл топ құрылып, жедел-іздестіру шараларының арқасында ұрлық жасаған азамат анықталды. Нәтижесінде аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні тұрғын үйінен ұстады.

Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Айғақты зат ретінде ұрланған құбырлар алынды. Алайда, Төлеби аудандық сотының шешіміне сәйкес, жәбірленушіге келтірілген шығынның өтелуіне орай екі жақтың ымыраға келіп, келісуіне байланысты медиация тәртібімен іс қысқартылды.

Бүгінде осындай, оңай олжаны иемденуді ойлайтын, өзгенің мүлкін ұрлап пайда табатын адамдар көбейген. Алаяқтық, ұрлық-қарлықтың аяғы жақсылыққа апармайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру