Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балаларын “Медеу” мұз айдынына алып барды

ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балаларын “Медеу” мұз айдынына алып барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлауға арналған. Қызметтік борышын өтеу барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары мен көпбалалы отбасыларға арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

– Біздің қатарымызда отбасылары көпбалалы отбасы санатына жататын қызметкерлер бар. Бұл науқанға қылмыспен күресте жанын қиған әріптестеріміздің балалары да қатысты. Балалар ыңғайлы көп орындықты екі автобуспен тасымалданды. Үш сағатқа созылған мұз айдыны бағдарламасында балалар көңіл көтеріп, коньки тебуді үйреніп, бір-бірінің көңілдерін көтерді. Оларға алдын ала ыстық шәй мен тіскебасарды да қамдап қойдық. Айта кету керек, біздің департамент мұндай танымдық және ойын-сауық экскурсияларын жиі, барлық мемлекеттік мерекелер қарсаңында өткізеді. Бұл, ең алдымен, асыраушысыз қалған отбасыларға, төрт және одан да көп бала тәрбиеленіп жатқан полиция қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсету болып табылады. Екіншіден, өскелең ұрпақты Отанға деген адалдық, патриоттық рухта тәрбиелеу, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру