Мекемеге тыйым салынған затты алып кірмекші болды
Көкшетау қаласында тергеу изоляторының қызметкерлері мекемеге пайдалануға тыйым салынған заттарды алып кірудің алдын алды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы Көкшетау қаласының тергеу изоляторына Бурабай аудандық полиция бөлімінің УҰИ-дан жоспарлы кезеңмен сотталған С есімді азамат келді. Оның жеке заттарын тінту кезінде, атап айтқанда қара түсті спорттық шалбарға белдік бөлімінде 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде ақша қаражаты, номиналы 2000 (екі мың) теңге 1 дана ақша банкноты, сондай-ақ номиналы 1000 (бір мың) теңге 3 дана ақша банкноты табылды және тәркіленіп алынды.
Жауап алу кезінде аталған істі болған табылған ақша қаражаты оған тиесілі екенін түсіндірді. Аталған тінту шаралары бейне түсірумен сүйемелденді. Айта кету керек, биылғы жылы бұл мекеме аумағына ақша қаражатын кіргізудің алғашқы фактісі емес. Ақмола облысы ҚАЖ мекемелерінің тексеру топтары қызметкерлерінің жедел ден қоюын атап өту қажет.
ІІМ-нің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 505 «ҚАЖ тергеу изоляторларының ішкі изоляторының қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, қазіргі уақытта мекеменің жедел қызметінің қызметкерлері келіп түскен көзін және анықталған және алынған ақша қаражатының шынайы иесін анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізуде.