Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мектепке мұғалім болып жұмысқа орналаспақшы болған қызылордалық ақшасынан айырылып қалды

Мектепке мұғалім болып жұмысқа орналаспақшы болған қызылордалық ақшасынан айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

25 шілде күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданған. 2021 жылы мамыр айында мектепке мұғалім ретінде жұмысқа орналастырып беремін деп уәде берген әйел 300 мың теңге көлемінде ақша алған. Алайда азаматша уақыт таяған шақта телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырмаған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 40 жастағы алаяқ әйел қолға түсті.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі бойынша (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру