«Мектепке жұмысқа орналастырып беремін»: түркістандық полицейлер алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады
Түркістандық полицейлер мектепке жұмысқа орналастырып беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, танысы мұғалім етіп жұмысқа орналастырып беремін деп 500 мың теңге ақшасын алған. Арада екі жылға жуық уақыт өтті. Не ақшасын қайтармаған, не берген уәдесін орындамаған.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, сезікті жергілікті тұрғын болып шықты.
Анықталғандай, ол бұрын мектепте мұғалім болып жұмыс жасаған. Күдікті ер адам сол уақыт аралығында жұмысқа кіргіземін деп уәде берген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.