Мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алмақ болған шымкенттік алаяққа алданып қалды
Мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алмақ болған шымкенттік алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, бұрын соңды таныс емес бейтаныс азамат мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беруге көмектесемін деп сендірген. Сондай-ақ, қызметі үшін 300 мың теңге сұраған. Алайда осы күнге дейін телефонға жауап бермей, азамат қашып жүрген. Алданып қалған тұрғын полицияға арызданған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алынды. Алаяқтықты кәсіп еткен тұрғынды анықтау мақсатында тәртіп сақшылары куәлерден жауап алып, қаладағы бейнебақылау камераларын жіті қарап, сұрастыру жұмыстарын жүргізді.
Алынған мәліметтерден азаматтың жеке басы анықталып, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті қала аумағынан ұсталды. Қазіргі таңда азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.Тергеу амалдары барысында анықталғандай, азамат алаяқтық жолмен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген.