Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ПД психологтары ТЖД-да семинар сабақ өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің психолог мамандары Төтенше жағдайлар департаментінде қызметкерлерге эмоционалды және кәсіби шаршауының алдын алу мақсатында семинар сабағы мен тренинг-жаттығулар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сабақ барысында террористік шабуыл кезінде террористерді сырт келбетіне қарап тану машықтары, олардың жалпы мінез-құлық ерекшеліктерін және олардан қандай әрекет күтуге болатыны туралы айтылды. Сонымен қатар, арнайы сабақта қызметкерлердің ішкі психологиялық шиеленісін шығару үшін психоэмоционалдық босаңсу іс-шаралары мен психологиялық тренинг-жаттығулар жасалды.

Семинар соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, алған білімдерін өз қызметінде белсенді қолданатындарын жеткізді.

– Қызмет барысында әр түрлі оқиғалармен бетпе-бет келгенде мамандар физиологиялық, психологиялық тұрғыда әрқашан дайындықта болуы қажет. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде қызметкерлерге қиын түседі. Сондықтан біз осы мақсатта тренинг сабақтар өткізіп отырамыз, – дейді Шымкент қаласы Полиция департаментінің полиграфологы Феруза Амантаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру