Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ көлiк құралын басқарған шымкенттік жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына жеткізілді
Шымкент қаласының полицейлері мемлекеттік тіркеу нөмірі есептен шығарылған автокөлікті басқарып жүрген жүргізушіні анықтап, оның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция полкінің бірінші кезектегі міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыспен күрес, азаматтарды жолдардағы қылмыстық әрекеттерден қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда патрульдік полиция полкі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оларды болдырмау, қалыптасқан жедел жағдайды тұрақтандыру бағытында қосымша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жұмыстар атқаруда.
Мәселен, Шымкент қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция полкінің 7-ротасының қызметкері қызмет атқару барысында Шымкент қаласы тұрғынының “Нива” автокөлігін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігін (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) бұза отырып, басқару дерегін анықтаған.
Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.