Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері әлеуметтік желіде тараған бейнежазба бойынша тексеру жүргізуде

Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желілерде тараған белгісіз біреулердің бір азаматшаны көлікке мәжбүрлеп салып әкету дерегі бойынша бейнежазбаны тексеруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 29 наурыз күні әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз тұлғалар бір азаматшаны автокөлікке күштеп отырғызып, алып кеткендігі туралы бейнежазба жарияланған.

Осы күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігінің 1- тармағымен (Бас бостандығынан заңсыз айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы сол маңдағы бейнебақылау камералардың біріне түсіп қалған бейнежазбаны тексерді. Сондай-ақ, жақын маңда тұратын тұрғындардан жауап алды.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері аталған оқиғаға қатысты барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру